Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің мақсатымыз – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілікті нығайту

0
370

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ҮІІ съезінің жабылу рәсімі өтті. Оның алдында Қорытынды декларация жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев форумның екі күндік жұмысын қорытындылай келе, қазақ жері осы күндері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын атап өтті. Дүниежүзінің беделді дінбасылары осы жерде бір шаңырақтың астына жиналды.

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі тарихтың бетбұрыс кезеңінде өткеніне тоқталды. Пандемиядан кейін геостратегиялық жағдай ушыққан кезде жаһандық деңгейде өркениетаралық диалог пен сенімді нығайту үшін жаңа әдістер іздеу аса маңызды. Президент форумның қорытындысы бұл басты міндетті шешуге елеулі үлес қосады деп санайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық күйзелістер мен жаһандық дағдарыстардың қайнар көзі саналатын теңсіздіктің барлық түрін еңсеру талқыланған негізгі мәселелердің бірі болғанын атап өтті. Цифрлық және гендерлік проблемаларға, әлеуметтік бөліністерді жою ісіндегі білім мен діни ағарту саласының атқаратын рөліне баса мән берілді.