Елорда мешіттерінің діни қызметкерлері аттестаттаудан өтті

0
371

Республикалық бас мешітте Астана қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері аттестаттаудан өтті. Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде ақида, фиқһ, Ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды. Аттестаттау іс-шарасы бұдан әрі басқа өңірлерде де жалғасын табады.