Интернеттегі идеологиялық күрес: жетістіктер мен проблемалар

0
445

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында жергілікті атқарушы органдар мамандарының қатысуымен «Пайымда» диалог алаңының оқыту семинары өтті. АҚДМ Дін істері комитеті мен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» ұйымдастырған іс-шараға еліміздің барлық облыстарындағы Дін істері басқармалары жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары қатысты. Семинар барысында ҚР Терроризмге қарсы орталығының сарапшысы Гүлнұр Сатыбалдина, ДІК Инстернет кеңістігінде діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Жапал Долиев, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Талғат Жақиянов, осы орталықтың Жиынтық-талдау департаментінің бас сарапшысы Райымбек Қадіров, сондай-ақ, Kazislam порталының бас редакторы Ескендір Зұлқарнай баяндама жасады. Ақпарат кеңістігінде діни терроризмге қарсы насихатты жетілдіру, дін тақырыбы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүргізу, діни терминология мәселелері, Kazislam порталына ақпарат жариялау мәселелері, т.б. өзекті тақырыптар көтерілді. Сонымен қатар Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Рүстем Сейтқалиев сөз алып, өз өңірінде интернеттегі деструктивті діни ағым идеологиясы таралуының алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.