«ПАЙҒАМБАРҒА САҒЫНЫШ» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

0
356

Шымкент қаласының орталық мешіті Ақмешіттің «Әйел-қыздар» жамағаты «Пайғамбарға сағыныш» атты мәуліт кешін өткізді. Кеш Алланың қасиетті кәләмі Құран Кәрімнің оқылуымен және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан Асылханқызының құттықтау сөздерімен ашылды. Сахабалардың пайғамбарға деген терең махаббаты жайлы көріністер көрсетіліп, иләһи әндер мен пайғамбарға сағыныш хаттары оқылды. Кеш соңында келген қонақтарға берекелі дастарқан жайылып үлкендердің алғысы мен батасы алынды. Кешті ұйымдастырған осы мешіт ұстаздары Гүлсара Бекет, Роза Сүгірбек және Мәриям Балқаш ұстаздарға үлкен алғысымызды білдіріп, пайғамбарымыздың шапағатын тілейміз. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі