Күмән болмаса, дәлелге мұқтаж болмас еді…

0
338

Ертеректе атақты дамулланың* бірі жолаушылап келе жатып, бір ауылға тоқтаған екен. Ауылдағылардың бірі дамулланың батасын алу үшін оны үйіне қонақ етеді. Естіген ауыл тұрғындары дамулламен сұхбаттасу үшін есік алдына топталып жинала бастайды. Сұхбатын бастаған дамулланың әңгімесін ел тұрғындары үнсіз тыңдай бастағанда, жанынан өтіп бара жатқан бір қарт ана тоқтап, топтағылардың бірінен: – Жиналған қауым кімді тыңдап отыр? Келген кісі кім екен? – деп сұрайды. Сонда ауыл тұрғындарының бірі қарт кісіге: – Сұхбат айтушы кісіні танымайсыз ба? Ол Алла Тағаланың бар екендігіне мың бір түрлі дәлелі бар үлкен оқымысты дамулла, – деп жауап береді. Қарт ана күліп: – Егер оның Алла Тағаланың бар және жалғыз екендігіне титтей де күмәні болмаса, онда мың бір түрлі дәлелге мұқтаждығы болмас еді. Мен Аллаға еш күмәнсіз иман еткенмін, – деді. Қарт кісінің сөзін естіген дамулла риза болып, алақанын ашып: «Әй, Раббым! Сенен мына қарт ананың иманындай қуатты иман және жүрек тазалығын сұраймын»,- деп дұға еткен соң жиналған жамағатқа: «Мен секілді дінді оқып, зеттеуді өсиет етемін. Бірақ мына қарт ана секілді шынайы жүрекпен қуатты иман ету керек»,– деп әңгімесін аяқтаған екен.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ kazislam.kz