«Әнет баба» мешітінде 100 отбасыға көмек көрсетілді

0
713

ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдыстыруымен «Әнет баба» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қарағанды облыстық мешітінде өткен қайырымдылық шарасы «Қайырымдылық – қайырлы іс» тақырыбы аясында жүзеге асты. Игі шара барысында қаладағы әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған 100 отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік толы қоржын үлестірілді. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы шараға қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеу беріп, қамкөңіл жандардың көңіліне үміт сыйлау мақсатында уағыз-насихат айтты.

«Осындай қиын сәтте мұқтаждарға қол ұшын созуға әзір тұратын дін қызметкерлеріне, атсалысқан барлық кәсіпкерлерге, жамағат пен еріктілерге «Зекет және қайырымдылық» қоры атынан үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла сіздерден разы болсын!» – деді облыстың бас имамы. Арнайы дайындалған қайырымдылық қоржындары жиналған жұртшылыққа үлестірілді. «Зекет және қайырымдылық» қоры жанынан құрылған еріктілер тобы азық-түліктерді тиісті мекенжайларға жеткізіп берді.