Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы басшысымен кездесті

0
293

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында «Хидая» халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы кеңесінің төрағасы, доктор Әли Рашид әл-Нуайми мырзамен кездесті. Кездесуде жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, оларға дұрыс діни мәлімет жеткізу, діни білім алуына мүмкіндік жасау мәселесі талқыланды. «Өзіңізге мәлім, мемлекетіміздің қамқорлығымен «Жусан» операциясы бойынша азаматтарымыз Сириядан елімізге жеткізілді. Қазір оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары белсенді түрде жүзеге асуда. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жандандыру үшін Діни басқарма жанынан Діни оңалту бөлімін аштық» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Кездесу соңында тараптар осы бағытта тәжірибе алмасу іс-шараларын жүзеге асыруға келісті.