Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» бірінші республикалық еріктілер форумында қайырымдылық жұмыстарының үздіктерін марапаттады. Атап айтсақ, «Үздік қайырымдылық жоба» номинациясы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы жауапты өкілі Темірбек Пернебекұлы марапатталса, «Жыл жанашыры» номинациясы Оксана Шумейкоға табысталды. Оксананың Қостанай облысындағы төтенше жағдай кезінде «Зекет және қайырымдылық» қоры құрған арнайы штабында күні-түні қызмет істеп, Әулиекөл ауданы тұрғындарына жедел көмек беруге атсалысқанын ерекше атай кеткен жөн.
Соңғы жазбалар
БАС МҮФТИ 20 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облыстық орталық мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты.
«Ақниет» ҚҚ өкілі Шымкент қаласының прокуратурасында дәріс оқыды
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ...
Ақмола: Үш айлық семинар жалғасады
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің бастамасымен жергілікті дін қызметкерлерінің білімін ұштап, біліктілігін көтеруге арналған үш айлық семинар...
Орал: Құрбан айтқа дайындық пысықталды
Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Құралбайұлының төрағалығымен өкілдікке қарасты мешіттердегі қайырымдылыққа жауапты имамдарға арналған жиын өтті.
Жиында...
ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ОҢ ДИНАМИКА ҚАЛЫПТАСТЫ
ҚР Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң...