ДІН-ИСЛАМ МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАНЫМ АСЫЛ ТӘЖІМ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

0
775

Аса қамқор , ерекше мейірімді Алланың атымен !
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты “Дін Ислам” мешітімізде
13.11.2022 күні , қасиетті Құранды оқуда ерекше ықылас танытып , өзінің ерекше ибалығы мен тәрбиесінде , көпке үлгі болған шәкірттерімізге “Құраным асыл тәжім” атты тәж кию кеші өткізілді. Іс шараның мақсаты — «Мұхаммед ﷺ насихат еткен Ұлы Жол — Құран .
Сол Құранды сүйіп оқу — әр мұсылманның парызы» .Кешті өткізуде жетекші болған Дін Ислам мешітінің ұстазы Зәуре Бахибуллева
және атсалысқан аналар ,әжелерге әрі қыз-келіншектерге арналған Sakina club пен FURQAN клуб қыздары. Кеште құранға түскен шәкірттердің ата аналары мен келген жамағатқа білімдерін шыңдау мақсатында түрлі діни сұрақтар қойылып ,ойындар ойнатылды , сый сияпаттар берілді .
Жамағаттағы келген әжелеріміз бен апаларымыз өткізіліп жатқан кешке, Дін Ислам мешітінің бас имамы-Азимбаев Айбек ағамызға және ұстаздарға ерекше ризашылықтары мен ықыластарын білдірді, шәкірттерге тілек батасын айтты. Кештің басталуы құранға түскен шәкіртіміздің Құран оқуымен ашылып басталды . Шәкірттердің «Құранды ерте жастан оқу мен жаттаудың нығметі және артықшылығы» атты көріністері қойылды. FURQAN клубының қызы -Аружан Оңғарбайқызының орындауындағы “Құран шапағаты” атты монолог оқылып жамағаттың жүрегіне жетті. Артынан мешіт шәкірттерінің орындауындағы “Аллаға мадақ” өлеңі орындалды . Шәкірттердің мешіттен алып жатқан білімдерін тексеру мақсатында «сканворд» ойыны ойнатылды , сыйлықтар үйлестірілді , ойын шәкірттердің білімге деген ынта ықыласын арттырды. Шәкірттердің дайындаған «Пайғамдардың ﷺ соңғы құтбасы» оқылып , жамағаттың Пайғамбарға деген махаббаты артты , сүннетін тірілтті. Кеш соңында қорытындылауға  Дін Ислам мешітінің бас имамы Азимбаев Айбек ағаға сөз берілді , құранға түскен шәкірттерге алғыс хат беріліп , әрбір шәкіртке — Құрандар сыйлыққа берілді. Басқа мешіт — медресе  ұстаздары да келіп , өткізіліп жатқан кеш үшін бас имам мен ұстаздарға рахметін білдіріп , келген халыққа уағыз насихат айтты .
Артынша келген жамағатпен шәкірттерге ұстаздарға қонақтарға дастархан жайылып , ыстық астан- палау тамағы берілді.  Артынша улкен 100 адамға ас беріліп,тәтті дастарқан жайылды. Ол жақта тағыда хадия сыйлар үлестірілді.  Келген барша қыз-келіншектерімізге,асыл аналарымызға ,бір ауыз сөзімізді жерге тастамай келген бас имам мен ұстаздарымызға,осы кешке атсалысқан барша қыздарымызға,сайыскерлерімізге Алла разы болсын. Келген әрбір қадамдарына Алла мол сауаптан жазсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі