Шымкент: «Халық сақшысы» жасағын құрды

0
416

Шымкентте 500-ге жуық ерікті азамат «Халық сақшысы» жасағын құрды.

Жасақ қатарындағы қала тұрғындары, белсенділер, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің жаттықтырушылары, дін қызметкерлері және өзге де сала мамандары шаһардағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып отыр. Олар тәртіп сақшыларына қолдау білдіріп, мемлекеттік маңызы бар нысандарды, кәсіпорындарды күзетуге көмектесуде.

Азаматтар елді лаңкестерден қорғау үшін тұрғындарды бірлікке үндеп, күш біріктіруге шақырды. Дін мамандары бірнеше күннен бері түнгі және күндізгі уақытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мыңдаған азамат арандатушылардың арбауына түспеді.