ҚАЛА БОЙЫНША САЛАУАТ АЙТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

0
879

Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешіті Әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен мәуліт айының құрметіне ардақты пайғамбарымызға (صل الله عليه) салауат айту жарысын өткізілді.
Бір ай бұрын жарияланған бұл сайысқа 20 шамасында қыз-келіншектер тіркеліп сайысқа қатысты. Осы тіркелген қыз-келіншектер осындай сайыстың себебімен миллионнан аса салауат ардақты пайғамбарымызға (صل الله عليه وسلم) жолданды.
Сайысқа қатысқандардың ішінен ең көп салауат жолдаған үш жеңімпазға жүлделі сыйлықтар беріліп, Айқап мешітінің ұйымдастыруымен «Millionire» мейрамханасында өткен мәуліт кешінде қонақ етілді.
Осы сайысқа қала бойынша қатысып жүлделі орындарға
1-орын  Ерсары Айдана  (А.Қаттани мешітінің шәкірті)
2-орын Мұратбек Мөлдір  (Айқап мешітінің шәкірті)
3-орын Мұратбек Жазира (Айқап мешітінің шәкірті)
иеленді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі