Шымкентте кондитер наубайханасы сертификатталды

0
170

Шымкент қаласындағы «Ладушки» кондитер наубайханасы ҚМДБ-ның халал сертификатына ие болды. Кондитер өнімдерін өндіруші наубайхана ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша тексерілді. Тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сарапшы маманы Аружан Аралбай жүргізді. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайы анықталмады.