«Жастар арасындағы дін мен діншілдік» тақырыптағы Республикалық ғылыми-практикалық Форумы өтті

0
726

Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 24 қараша күні сағат 9-00-ден бастап Шымкент қаласы, Желтоксан көшесі, 17 мекенжайында орналасқан «Khadisha Rixos Hotel» конференц-залында «Жастар арасындағы дін мен діншілдік» тақырыптағыРеспубликалық ғылыми-практикалық Форумы өткізіледі. 

Аталған Форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің өкілдері, аймақтық Дін істері және қоғамдық даму басқарма басшылары, имамдар, ҚАЖД  өкілдері, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, мектептердің мұғалімдері мен оқушылар және басқа қонақтар күтілуде.

Форумға қолдау көрсеткендер: ЖК «Нұрмаш», «Ақ-Ниет» Ақпараттық-насихаттау және оңалту қоғамдық қоры», Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және т.б.

Форумның мақсаты – жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу, жастар арасындағы дін мен діншілдік тақырыптарын талқылау.

Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары – Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы ашып береді.  

Форум барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат қоғам даму министрілігі Дін істері комитеті төрағасы Нүкежанов Ержан Болатканұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтийдің орынбасары, наиб муфтий Мырзабаев Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, т.ғ.д. Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы, елге белгілі филология ғылымдардың кандидаты, Абайтанушы Темірбеков Омар Жәлелұлы және «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының кеңесшісі Шауметов Алим Фазылжановичтің баяндамалары тыңдалады.

Форумның соңында жұмыстың қорытындысы анықталып, ары-қарай алдын-алу жұмысында пайдалану тәртібі шешіледі.