«ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 30 ХАДИС» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

0
452

Шымкент қаласы Қаратау ауданы , Байғұт баба мешітінің жанынан ашылған Фурқан оқырмандар клубының жетекші кураторларының ұйымдастыруымен “Жастарға арналған 30 хадис” атты Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с) жастарға арналған ең үздік хадистері жинақталған кітап бойынша интеллектуалды сайыс өтті.  Сайыстың мақсаты: жастарымыздың қазіргі уақытын, қабілеттерін екі дүниелік пайдаға арнау және білімдерін арттыру болатын.
Қыздар екі топқа бөлініп өз білімдерін сынады. 
3 бөлімнен тұрған сайыстың нәтижесінде “Сыддық” тобы 1-ші ал, “Ізденушілер” тобы 2-ші орынды иеленді. Қыздарымыздің білімге деген құштарлығы мен бір-біріне деген бауырмалдығына тағы да куә болдық
Сайысымызға төреші ретінде клуб кураторлары мен  қонақ болып Жадыра Ұстамыз келіп, марапаттауларды өз қолымен табыстады. Сондай -ақ қатысушы қыздарға клубтың атынан кішігірім сыйлықтар табысталды.
Алланың қалауымен осылайша сайысымыз жоғары деңгейде өтті.
Осындай іс-шараларда белсенділік танытқан қыздарымызды да Алғыс хатпен мараппатталды.

Өміріндегі ең керемет шақ- жастық шақты осылай екі дүниеге де пайдалы етіп өткізуді барша жастарға нәсіп етсін. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с) айтқандай “Ең абзал, періштедей пәк, кемел жастардан” болайық (әмин)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі