Түркия: 100-ден астам лаңкестің көзі жойылды

0
368

Түркияда қараша айында жүргізілген терроризмге қарсы операциялар кезінде 103 лаңкестің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazislam.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Оның ішінде Күрдістан жұмысшы партиясының 78, ИШИМ-нің 24 содыры мен солшыл террористік құрылымның бір мүшесі бар. Бұл туралы кеше елдің ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен айда Түркияда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 11 868 операция өткен, оның 11-і үлкен, 50-і орта деңгейлі операциялар. Көзі жойылған террористердің ішінде екеуі ІІМ тарапынан іздестірілуде жүрген аса қауіпті қылмыскерлер. Одан бөлек, террористік ұйымдарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 2 110 адам ұсталып, 376-сы сот шешімімен қамауға алынды. Минист орынбасары қараша айында елде 17 терактінің алды алынғанын айтып өтті.