Бас мүфти түрік еліне көңіл айтты

0
325

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі елшілігіне арнайы барып, бауырлас мемлекетте болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты. Бас мүфти алдымен көңіл айту кітабына жазба қалдырды. «Түркия  – түбі бір туысқан ел. Біз байырғы баба-батыр түркінің кіндігінен тараған ұрпақпыз. Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Бауырлас елдің басына келген қайғы – біздің де қайғымыз. Қазақ халқы жүрегімен сіздермен бірге. Алла Тағала табиғи апаттан қаза тапқан жандардың дәрежесін арттырып, жәннатын нәсіп еткей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы. Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи мырзамен және оның дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Будурмен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ табиғи апаттан қаза тапқандардың рухына арнайы Құран бағыштап, қиналып жатқан тұрғындарға Алла Тағаладан жеңілдік сұрады.