«Қазақ даласындағы уақып мәдениеті» дәрісі өтті

0
254

Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университеті Исламтану кафедрасының ұйымдастыруымен семинарлар сериясы жиынында «Қазақ даласындағы уақып мәдениеті» дәрісі өтті.

Дәріс барысында «Нұр-Мүбарак» Ислам университетінің магистрі, исламтанушы Қуат Қабдолда еліміздегі уақып институтының дамуы үшін іске асырылуы тиіс шаралар мен тақырыптарды қозғады. Спикер:

1) «Уақып» қоғамдық қорлар институтын қалыптастыру; (Әлеуметтік-діни мәселелерді, төтенше жағдайларды шешу мақсатында);
2) Уақыптанушыларды жетілдіру;
3) Уақыптың заңнамалық жағынан қорғалуын қолға алу;
4) Уақыптың басқарылу жүйесін қалыптастыру;
5) Мүфтият уақыбы рөлін дамыту;
6) Уақыпқа ғылыми, тарихи, салыстырмалы зерттеу жасау сынды тақырыптарда дәріс оқыды.