Ақтөбе: РАНТ мүшесі Шалқар ауданына барды

0
575

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – жат ағымнан сақтандыру мақсатында Шалқар ауданына РАНТ мүшесі, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев арнайы барып, бір күнде 610 адаммен жалпы кездесу өткізді.

РАНТ мүшесі іссапар сапар барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Одан өзге «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-де студенттермен және №5 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, «Дініміз бен дәстүріміздің үндестігі» турасында сөз қозғап, жастардың түйткілді сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.

Іссапар қортындысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің асханасында «Дәстүрлі дініміздің түйткілді мәселелері» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тоқталып, кеңінен түсіндіріп берді.