Жастар саясаты жүйесін өзектендіру тақырыбында кездесу өтті

0
483

«Gov2Jastar» сараптама алаңында «де жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында кездесу өтті. Пікірсайыс барысында жастар және отбасы саясаты салаларындағы жобаларды іске асырудың тиімділігі, стейкхолдерлердің проблемалары, сондай-ақ аталған саладағы жобалардың тақырыптарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар талқыланды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы 2023-2025 жылдарға арналған жобалардың ұсынылып отырған тақырыптарын атап өтті. «Жастар» ҒЗО директоры жастардың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу нәтижелері негізінде қалыптасқан бірқатар мәселелер және контрагенттерді іріктеу тетіктерінің ашықтығын арттыру жөніндегі ұсыныстар туралы айтты. Сондай-ақ, қатысушылар жобаларды іске асыру тетіктерін талқылап, алдағы жылдарға арналған жаңа тақырыптарды ұсынды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Жастар саясаты жүйесін өзектендіру тақырыбында кездесу өтті | Қазақстандағы Ислам