Студенттерге діндер съезінің маңызы жайында әңгімеледі

0
396

“Нұр-Мүбарак” университетіне Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев арнайы қонаққа келді. Мәртебелі мейманды ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат пен проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев қабылдап, қазіргі әлемдік діни тенденциялар жөнінде, орталықтың жоба-мақсаттары мен университетің тыныс-тіршілігі жайлы да қысқаша сұхбат өрбітті. Болат Сәрсенбаевпен кездесу университет білім алушыларымен жалғасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Еліміздегі және бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстан саясатының маңызды бөлігі», – деген сөзімен бастаған дәріс барысында Болат Серғазыұлы әлемдегі діни диалог төңірегінде сөз өрбітті. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындылары» атты дәріс барысында тыңдаушылар Қазақстан діни диалог құру жағынан әлемге өнеге екеніне баса тоқталды. Себебі өзге мемлекеттер бұл тақырып төңірегінде түрлі жоба-жоспарлар жайлы талқылап жатқанда, Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің басын қосып, арнайы платформа құрып үлгергендігі айтылды. Студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Орталықтың Басқарма Төрағасы  Болат Сәрсенбаев болашақ дін мамандарының көкжиек танымын кеңейту үшін арнайы дәріс ұйымдастырған университет ұжымына алғысын білдірді.