Малайзия Швецияға 20 мың Құран жібереді

0
290

Малайзия Қасиетті Құранды әлем бойынша бірнеше тілге аударып, басып шығарып, тарату үшін 2 миллион доллар қаражат бөлді. Бұл дүниежүзіндегі исламофобия деңгейін төмендетуге әсер етеді деп санайды ел билігі. Соның ішінде 20 мың Құран Швецияға жөнелтілмек. Бұл елде жуырда ғана радикал фанат Расмус Палудан Құранды өртеп, шу тудырғаны белгілі. Сол кезде Түркияның араласуының арқасында ғана швед билігі мұндай арандатушылыққа тыйым салған болатын. “Әлемдік деңгейдегі маңызды мәтін – Құранның менің ана тілім аударылып, таратылатыны үшін қатты қуаныштымын. Менің өзімде Құранның бірнеше данасы бар. Біраз жылдан бері мұсылман елінде тұрып, жұмыс істеп келемін. Сонда түсінгемін: білім мен диалог қана өзара түсіністік пен бейбітшілікке жол ашады”, – дейді Швецияның Малайзиядағы елшісі Юахим Бергстрём.