«Көне түркі тілінде жазылған еңбектер бабалар мұрасы” атты рухани танымдық семинары өтті

0
516

ҚМДБ Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты мешіт имамдарына Мәртөбе мешітінде «КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЕҢБЕКТЕР БАБАЛАР МҰРАСЫ” атты рухани танымдық семинары өтілді. Аталмыш семинарға Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мұхаммеджан Естемиров, Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан қатысты. Имамдарға Сайрам Жәми мешітінің имамы Мухиддинов Салахаддин және Байғұт баба мешітінің бас имамы Желеуов Дастан көне түркі тілінің (төтеше жазу) әліппесімен таныстырды, оған қоса Қаратау аудандық Уақып қорының жауапты маманы Абдуайт Абдуалибек Уақып қорының бағыты мен мақсаты жайлы имамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі