Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды. – Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жазбалар
Бас мүфти «Ақтөбе» медресе-колледжінде
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында Алға ауданында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжінің жұмысымен танысты.
«Olx» сайтында діни кітап сатқан адамға айыппұл салынды
https://www.youtube.com/watch?v=MV202HZ0eg8
«Террорист болғым келеді»: компьютерлік ойындар балаларымызға қандай тәрбие беруде?
https://www.youtube.com/watch?v=NicTXE1raIs
Шымкент: Отандық туризмді дамыту мәселесі қозғалды
ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасын қолдау және отандық туризмді дамытуға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті.







