Рамазанға дайындық пысықталды

0
386

Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты мешіт имамдарының кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы,  қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдарының имамдары қатысты.

Кеңейтілген мәжілісте Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның  тарапынан бекітілген жұмыс жоспары жүзеге асырып, жан-жақты жетілдіру туралы арнайы тапсыралар берді. Атап айтқанда, «Рамазан қоржыны»,  «Рамазанда бір тал ек», «Рамазанда мешітке кітап сыйла», «Рамазан тәттісі» сынды қайырымдылық бағыттағын жұмыстар мен қатар оқу-ағарту, насихат жұмыстары айтылды.

Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен бес бағытқа жауапты мамандар өздерінің салалары бойынша арнайы баяндама жасап, жұмыс жоспарымен таныстырды. Қасиетті айда «Халал Даму» тарапынан  сертификатталған өнімдерді насихаттау, түсіндіру және қажылық һәм «Дархан дала» отандық туризмді дамыту мәселелері де тапсырылды.

Басқосу барысында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының аудандық өкілдеріне сенім кәуілігі табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі