Астана іргесіндегі саяжай тұрғындарына ауызашар берілді

0
253

Қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен Астана қаласы іргесіндегі саяжайдың бірінде 500 тұрғынға ауызашар берілді.

Саяжай тұрғындарына қазан-қазан палау әзірленіп, нан мен қажетті тағамдар таратылды. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысып, Рамазан айында береке тіледі.

Сондай-ақ, саяжайдағы қайырымдылық дүкенімен танысып, көмек берілетінін айтты.