Кувейттік қоры 300 үйге азық-түлік үлестірді

0
261

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  Шымкент орталық мешіті мен Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев,  Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Шымкент қаласы дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы т.б. азаматтар қатысты.

Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлысөз алып, жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық бағытта қызмет етіп жерген Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» басшылығына алғыс айтп, ризалығын білдірді. Жалпы, қайырымдылық шарасы барысында көпбалалы, мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі 300 отбасыға «Рамазан қоржыны» себетін үлестірді. Айта кетсек, үйлестіріп, жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдірі ұйымдастырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі