Мұсылман елдеріндегі кейбір қақтығыстарды діннен іздемейік

0
1776

Әлемге назар салып қарайтын болсақ, қатыгездік, қастандық лаңкестік оқиғалар негізінен мұсылман елдерінде белең алып жатқаныәлемге айдан анық көрініп тұр. Ауғанстан, Палестина, Ирак, Сомали, Сирия, Пәкістан сынды елдерде адам өлімі, лаңкестік оқиғалар бұзғыншылықтардың шегі көрінер емес. Көптеген мұсылман елдерінде бір- бірін кәпірге шығарып, талас-тартыс тақырыптарының беті бері қайтар сыңай танытпайды. Өздерінің бағытын ғана дұрыс басқаның бәрі адасқан, екіжүзді, кәпірдеп неше түрлі пәтуалар беріп жатқан оқиғалар кездесіп жатыр. Мұсылман елдеріне немесе мұсылман үмметіне не болғаны кейде түсініксіз болып кетеді. Өйткені Алла тағала Құранда: «Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, алауыздықтың кесірінен жік-жікке бөлініп, сан алуан түрлі теріс жолдарға түсіп кеткендер сияқты болмаңдар. Олар үшін алапат азап бар». (Али Имран 105) Сондай-ақ: «Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Міне, сонда оның рақымына бөленерсіңдер». Бұл жайында Пайғамбарда (с.а.у) «Бізге қарсы қару көтерген бізден емес»-деген. Осы сияқты Алланың аяттары мен Пайғамбар (с.а.у) хадистерін көріп біле тұра, амал етпейтіндері өкінішті-ақ. Әрине осыншама соғыстар, талас-тартыстардың барлығын мұсылман елдері өз еркімен, өз қолымен жасап жатыр деуде орынсыз. Алпауыт елдердің өзінің мүддесі жолында мұсылмандардың арасына іріткі салып жатқаныда ақиқат. Көптеген мұсылман елдеріндегі қазба байлықтар немесе ғасырлар бойы қалыптасқан дін аралық текетірестерде өз әсерін беріп жатыр.Өйткені әлем қауымы қазіргі күнде экстремизм, терроризм терминін тікелей исламмен байланыстырады. Ислам атын жамылып лаңкестік әрекет жасап жүргендер бүкіл әлемге өздерін мұсылмандармыз деп жариялау арқылы пәк исламға күйе жағуын тоқтатар емес. Не себепті әлем қауымдастығы исламға бұрыс көзқараста екендігін осы сияқты мысалдардан аңғаруға болады. Бірақ, мұсылман өлкелерінің барлығын сүттен ақ судан таза депте айта алмаймыз. Әрине мұсылман елдерінің кемшілік тұстарыда жетерлік.
Мұсылман емес адам лаңкестік жасаған кезде дінінен айып іздемегені сияқты мұсылман атын жамылған адам лаңкестік жасаса оныда исламмен байланыстырудың қажеті жоқ. Сондықтан  айыптарды исламнан емес мұсылман атын жамылған надандардан іздеу керек. Ал, дінде ешқандай проблема жоқ.  Біз  тек қана ислам ғана бейбітшілікке жетелейді басқа дін олай емес деуден аулақпыз. Барлық дін бейбітшілікке, татулыққа үндейді. Алайда, адамдар фанатизмге беріледі. Мысал келтірер болсақ, әлем елдерінің әртүрлі бағыттағы діни көшбасшылары  әр үш жыл сайын елордада бас қосатыны барлығымызға белгілі.
Осыдан-ақ діни көсемдер бір-біріне жек көрінішпен қарамайтынынаңғаруға болады. Себебі әртүрлі діннің көсемдері бір-біріне деген құрметтері болмағанда бір үстел басына отырмас еді. Осы сәтте бір данышпанның сөзін мысалға келтіруге болады. «Мен ғалымдардан қорықпаймын, өйткені олар бірдеңе айтса ғылымға негіздеп айтады. Мен білімсіздерден де қорықпаймын, олар білімділер не айтады солардың дегенімен жүреді. Мен шала сауаттылардан қорқамын. Өйткені шала сауаттылар не өзі дұрыс білмейді не білгеннің тілін алмайды. Сол арқылы халық арасына алауыздық туғызып, дін бұзар болады»- деген екен.

Ия проблема дінде емес, проблема адамзатта. Сондықтан діншілдіктен діндарлық деңгейіне өту керек. Ал, ислам ғұламаларындіндарларды өткенмен емес, жарқын болашаққа сеніммен  өмір сүруге апарар жолда еңбек етуді талап ететін заман. Өйткені ислам өткеннің ғана емес бүгіннің, ертеңнің және өркениеттің діні.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы
Уралбаев Айдос