Шымкентте экотур шарасы ұйымдастырылды

0
216

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан «Балдыберек» демалыс аймағына қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі арнайы экотур шарасын ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, «Tawaf Travel» қажылық компаниясының қаладағы өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, елге белгілі ақын Нұрлан Есенқұлов, Кенжебай Шал ақындарымыз және  қала аудан имамдары мен ұстаздары қатысты. Табиғат аясында ұйымдастырылған шара барысында арнайы діни семинарлар мен түрлі ойын бойынша сайыстар өткізілді. Айта кетсек, Діни басқарманың қолға алып отырған салаларының бірі һәм бірегейі отандық туризм саласын дамыту, киелі орындарды насихаттау мақсатында «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі жұмыс істеп келеді.