Қостанай: Арқалықтағы штаб мүшелерінің жиыны

0
86

Қостанай облысының Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен арнайы құрылған штаб мүшелерінің арнайы жиыны өтті.

Бұл штаб құрамында облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» және «Марал ишан» мешіттерінің бас имамдары Шоқан Ғазизұлы мен Бектұрсын Торғайбайұлы да бар. Дін қызметкерлері аталған басқосуда табиғат апатын бастан өткерген отбасылармен бетпе-бет жүздесіп, сұхбаттасты. Оларды сабырға шақырып, мұқтаждықтарына ерекше көңіл бөлді.

Жергілікті ағайындарға рухани қолдау білдіріп, штаб мүшелері олармен қашан да бірге екендіктерін айтты. Кездесуге келгендер олардың тағылымды әңгімелерінен кейін өздерін бойларына тың күш-қайрат біткендей сезініп, рухани қолдаған имамдарға алғыс білдірді.