Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай аудандық орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Насихаттан соң жамағатқа хабарландыру жасап, бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің діни ахуалының дамуына үлес қосқан Асқар Зәкіржанұлына алғыс білдірді. Жамағат имамға шапан жауып, ат мінгізді. Қариялар батасын беріп, көпшілік игі тілектерін жаудырды. 

Облыс бас имамы қордайлықтарды жаңа бас имам Әлмұхаммед Егізбаевпен таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Білікті маманның білім деңгейін, тәжірибесін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. 

Әлмұхаммед Айтмұханұлы – 2009-2012 жылдар аралығында Түркістан каласында Құран курсын оқып, Құран Кәрімді толықтай жаттап шыққан қари.  «Шымкент» медресесінің түлегі әрі Түркиядағы «Хасеки академиясында» білім алған. Бұған дейін «Һибатулла Тарази» медресе-колледжiнде ұстаздық, Тараз қаласының мешіттерінде имамдық қызметін атқарды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *