Абай: Тасаттық намазы оқылды

0
183

Семейдің «Абай Құнанбайұлы» орталық мешіті имамдарының ұйымдастыруымен Озерки ауылында тасаттық намазы оқылып, құрбандық шалынды.

Шариғат талаптарына сай өткен шараға 300-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде имам-молдалар, мешіт жамағаты, еріктілер мен ауыл тұрғындары бар. Облыс бас имамы Асқар Әбітайұлы жамағатпен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан жеңілдік тіледі.

Құрбандық еті отты ауыздықтауға атсалысып жатқан өрт сөндіруші қызметкерлерге үлестірілді.