«Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі» семинар өтті

0
184

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі әйгілі ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай «Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі» атты аймақтық рухани семинары өтті.

Аймақтық семинарға  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Сенімен болашақ РҚБ Шымкент филиалының басшысы  Асқар  Көпеев,   Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, теолог ғалым Досай Кенжетай,  Сенімен болашақ РҚБ Түркістан облысы филиалының басшысы Әдемау Тұрдыбайқызы, «Ж.Ташенов» универсиетінің профессоры Бекнұр Жүсіпұлы, дінтанушы-магистр  Мұхамеджан Естеміровтер қатысып, арнайы дәріс оқыды.

Сондай-ақ, семинар барысында «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен оқырманға жол тартқан әйгілі ойшыл   Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай жарық көрген «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол…» бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Айта кетсек, Астана қаласында аталмыш еңбектің тұсаукесер салтанатты шарасына  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысқан болатын. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол…» бес томдық таңдамалы шығармалар жинағын бес аудандық мешіттің «Ихсан ілімі» атты кітапханасына табысталды.