Алматы облысы: Үйін «Уақып» қорына тапсырды

0
200

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалдары тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деген (имам Мүслим).

Аталмыш хадиске толықтай амал еткен Алматы облысы Балқаш ауданы Ақжар ауылының тұрғыны Ғалия Еркеғалиқызы ауыл тұрғындары намазхана ретінде пайдаланып жүрген жеке үйін, садақа жария етіп, ҚМДБ «Уақып» қорына тапсырды.

Балқаш ауданынының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының айтуынша болашақта бұл баспана ауыл мешітіне келетін имамның қызметтік үйі болады.