ШҚО: «Нәзік әлем» семинар-тренингі өтті

0
147

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Нәзік әлем» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Айтулы шараны өңірлік әйел-қыздар секторы ұйымдастырды. Тренингте ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйледі.

«Әйел-қыздар секторы жұмысын дамыту – бүгінгі күннің талабы. Дінімізде әйел мәртебесі айырықша көрсетілген. Пайғамбарымызға әйелдерге ерекше құрметпен қарауды бұйырған. Осы жиын әйелдермен қыздардың іскерлік және тәлімдік жағынан ұштау, қабылет дарынын дамытуға арналып отыр» деп бас имам тренингтің маңызына тоқталып, қазіргі заманғы қазақ әйелі қандай болу керек дегенге кең көлемде тоқталды. 

Шарада іскер әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңес берді. Семинар-тренингке қатысушы ұстаздармен іскер әйелдер отбасындағы әйелдің ролі, ұлттық әйел тәрбиесі, исламдағы ар, иба, әйелдер тәрбиесі жайлы ойларын ортаға салды. Шара барысында Алланың көркем есімдерін айтудан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға өңірлік «Уақып» қорының қолдауымен қаржылай көмек табыс етілді. Шара жоғары деңгейде өтті.