Құрбан айт сыйлығын табыс етті

0
126

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні елордададағы «Бақытты шаңырақ» оңалту орталығында игі іс-шара өтті.

Балаларға қуаныш сыйлаған ізгі шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қатысып, ұлық мерекемен құттықтады. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Бақытты шаңырақ» ұжымына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мерекелік құттықтау сәлемін жеткізіп, оңалту орталығына қажетті 5 миллион теңгеге бағаланатын мобильді оттекті барокамераның сертификатын табыс етті. Сондай-ақ құрбан еті мен азық-түлік үлестіріліп, наиб мүфти балаларға батасын берді.

Өз кезегінде «Бақытты шаңырақ» оңалту орталығының қызметкерлері Діни басқарма ұжымына алғысын білдіріп, Құрбан айтпен құттықтады.