Ұлтты ерекшелейтін оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани термірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – САЛТ ДӘСТҮРІ.

Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамда басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған.

Бүгінгі қоғамда дін мәселесі, оның ішінде адасушылық жолға түсіп кеткен жастарымыздың зайырлы мемлекет принциптеріне қайшы келетін идеологияның жетегінде жүріп, ата-бабаларымыздың аманат етіп қалдырған ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, дінімізді, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды мойындамуы алаңдататындай-ақ мәселе. Сондықтан да бұл мақалада жастарымызды тәрбиелеуде дін мен дәстүр сабақтастынығының тәрбиелік мәнінің маңыздылығын ашып көрсетуді мақсат тұттық. Яғни, жастардың діни-дүниетанымдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруында Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлерінің бір-біріне қайшы келмейтіндігін, сондай-ақ еліміздің ынтымағын, бірлігін, бейбітшілігін сақтап, ұлттық мәдениетімізді, тілімізді, әдет-ғұрыпымызды жоғалтпай, келешек ұрпаққа жеткізу.

Ия, расында бүгінде «дінді ұстанамын, имандылыққа бет бұрамын» деп, бірақ білместігінен, діни сауатсыздығының төмендігінен түрлі діни ағымдардың ықпалына түсіп, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық құндылықтарымызды мойындамай кетіп жатқан жастарымыз қанша ма?! Бұл қоғам үшін өте қауіпті. Себебі, оның салдары жат идеологияның жетегінде жүріп «Алла жолында өзімді құрбан еттім. Алла жолында жиһад жасадым деп қаншама жастарымыз елінен, жұртынан безіп, тіпті ата-анасына қарсы шығып бір отбасының құлдырауына әкеп соғады. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол, терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Елбасымыз айтқандай: «Еліміздің бірлігі мен тұтастығын, ынтымағы мен бейбітшілігін сақтап қалу әр қазақстандықтың ел алдындағы, мемлекет алдындағы борышы. Жастар еліміздің тірегі. Елдің ертеңгі болашағы! Ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен салт-дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді, дінімізді келер ұрпаққа жеткізетін ол — жастар».

Әдет-ғұрып – ежелден қалыптасып, қоғамда қолданылып жүрген қағида-ережелер. Бұл жазылмаған, бірақ қоғам мүшелері екі етпей орындауға жататын қағида ережелер жинағы. Ислам діні әдет-ғұрып заңдарын кері итеріп тастамай, оларға исламдық түр-сипат берді. Өз кезегінде бұл әдет-ғұрып заңдары да исламның шариғат заңдарына қарама-қайшылық келтірмей, қайта діни сенімдерді қорғап, оны таза сақтауға жәрдемдесті.

«Дәстүр» сөзі де арабша «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Ал латынша дәстүр сөзі «trаdіtiо» жалғастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни, тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б. Дәстүр несімен құнды? Дәстүр шектен шығармайды. Дәстүр тұрақтылықты қалыптастырады. Тұрақты қағидаларға, тұрақты нормаларға сәйкес тұрақты мінездер қалыптасады. Ұлт мінезі қалыптасады. Соның арқасында ұлт әрі қарай өмір сүреді.

          Қ. Ахметжанұлы,

         Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *