«Шымкент» медресе-колледжінің түлектері диплом алды

0
203

Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінің 2023 жылғы түлектеріне диплом табыстау шарасы өтті.      

Игі шараны «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза ашып, бітіруші түлектерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қызмет барысында табыс, жеміс һәм сәттілік тіледі.

Биылғы жылы «Шымкент» медресе-колледжін 50 шәкірт тәмамдады. Оның 34-і ер бала болса, 16-сы қыз бала. 2 шәкірт үздік атанып қызыл диплом иегері атанды. Сондай-ақ, 1 студент оқуын әрі қарай жалғастыру үшін  Түркия Республикасы «Хасеки» діни академиясына оқуға түсті. Ал 4 студент Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне үміткер ретінде құжаттарын өткізді. Мұнымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бітіруші түлектер имам, наиб имам, ұстаз және азаншы сынды қызметтерге бөлінді.