Орал қаласында «AQNIET» ҚҚ қамқорлығымен қайырымдылық іс-шара өткізілді

0
220

«Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызының басшылығымен Орал қаласындағы жанұя үлгісіндегі балалар ауылында «Ең керемет күн» атты қайырымдылық шарасы өткізді.Расында, адамның ең жақсысы — басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі — адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Құранда Алла Тағала: «Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр», — деп бұйырады. Бір Алланың ризалығын қалап, жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын Алла өзі береді, сондай — ақ оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды.Жақсы істі істеуге ниет етіп, бірақ оны орындай алмасаңыз да Алла Тағала оны өз қасында толық бір жақсы іс орындалғанға жазады. Әрі жасаған жақсы амалыңыз өзіңізге оннан жеті жүзге дейін, Алла қаласа одан да көп еселеніп қайтады. Сауабынан үміт етіліп істелген кез — келген ізгі амал — Аллаға берілген көркем қарыз секілді. Яғни, көркем қарыз — жақсы істер, адал табыстан жұмсалған садақалар. Өз игілігіндегі заттан Алла разылығы үшін садақа беру — Аллаға берілген көркем қарыз іспеттес. Алла Тағала оны өз құлына еселеп қайтарады.Қайырлы, сауапты істер адамды түрлі бәлелерден сақтайды. Ал, сізден жақсылық көрген бауырыңыздың жасайтын дұғасы — сіз үшін өз алдына үлкен олжа. Әрбір игі іс — жүздегі нұрыңызды күшейтіп, жүрегіңізді рахатқа бөлейді, ризығыңыз артып, жаратылыстардың сізге деген махаббатын оятады. Егер мұқтаж адамға жәрдем берсеңіз, Алла сіздің көмегіңізде болады әрі періштелер сізді панасына алып, күнәларыңыз үшін кешірім тілейді.