Пәкістан: Теракт кезінде 10 полицей жараланды

0
143

Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясында лаңкес екі жарылыс жасап, бір полицей қаза тапты және 10-ы жарақат алды. Бұл туралы елдің құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуаға сілтеме жасап. Оқиға Хайбер округінде болған. Жергілікті құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, лаңкес учаскенің басты қақпасының алдында кезекшілік атқарып тұрған полицей оны тоқтатқан кезде ол өзін жарып жіберген. Тәртіп сақшысы сол жерде қаза тапты. Жарылыс болған жерге басқа полицейлер жиналған кезде тағы бір лаңкес өзін жарып, 10 адам жарақат алды. Зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Оның бірнешеуі ауыр халде жатыр. Терактіні әзірге ешқандай топ өз мойнына алмады. Полиция мен қауіпсіздік күшінің ірі контингенті оқиға орнына келіп, тергеу жүргізу үшін ауданды қоршауға алды.