«Өзбек тілде радикалды уағызшылардың шынайы бейнесі»

0
348

Мен Ашурметов Зиямат Турсиматович Шымкент қаласы, Сайрам ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. 2017 жылы 9 сыныпты тәмамдап кәсіп үйрену үшін Сайрам тұрғын алабындағы училищенің «сварщик» мамандығына оқуға түстім. Оқуды бітіріп, ауыл арасында қосымша жұмыс істеп жүрдім. 2011 жылдан табыс табу мақсатында Корея, Испанияның үлкен заводттарында жұмысшы болып істей бастадым. Жұмысты 2019 жылға дейін жалғастырдым. Кейіннен әке-шешемнің ықпалымен 2015 жылы үйлендім. Қазіргі таңда екі перзенттімін. 2018 жылы Кореяда жүрген кезімде достарымның ықпалымен намазға бет бұрдым. Сол кездері әлеуметтік желілерден радикалды өзбек тілде Абдуллах Бухори, Абдувалы қари атты уағызшыларды тыңдап жүрдім. Сол уағыздардың әсерінен сақал қойып, дін жолына түсе бастадым. Діни уағыздарда куфр, хижрат, зұлымдық басқада мазмұндағы уағыздарды тыңдай бастадым. Сол уағыздардағы діни ақпараттарды дұрыс санап, Ауғаныстандағы қарулы қақтығыстарды «жиһад» деп пайымдап жүрдім. 2020 жылы елге оралып, Сайрамда үлкен жүк көліктерін жүргізіп нәпақамды таптым. Сол діни ақпараттарды 2022 жылға дейін тыңдап келдім. Діни ұстанымымды дұрыс санап 2022 жылда әлеуметтік желілерде өзбек тілді радикалды уағызшыларды насихаттағаным үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылдым. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы №69 (ИЧ-167/11) түзеу мекемесінде жазамды өтеп жатырмын.

Имам- теологтардың сұхбаты:

Мекемеге келгеннен ішкі ережелерді түсіндірді. Мекеменің теологтары менімен дұрыс қарымқатынас жасап, қажетті діни ақпараттарды берді. Мекемеге келіп дәріс беретін білікті имам-теологтардың да еңбегі зор. Сұқпаттар барысында менің діни көзқарасым бұрыс екеніндігін ұқтырды. Сұқбаттарда мынадай тақырыптар қамтыды: Зайырлылық таным, мәзһаб туралы таным, дін мен салт-дәстүрдің сабақтастығы, Құран аяттарындағы діни термин сөздері дұрыс пайымдау, ақида мәселесі. Алғаш сұқбаттарды дұрыс қабылдай алмадым. Себебі имам-теологтарға күдікпен қарадым. Менің бұрыс көзқарасымның бірі «куфр» мәселесі еді. «Мұсылман мен кәпірдің айырмасы намаз» деп біржақты көзқарас қалыптасқан еді. Білікті теологтар менің бұл көзқарасым бұрыс екенін Құран аяттары мен хадистерден дәлелдер келтіріп, көзімді ашты. Сұхбаттардың нәтижесінде бұрынғы радикалды көзқарасымнан бас тарттым, қазіргі таңда түзелу жолына нық түстім. Интернеттегідей өзбек тілде радикалды уағызшылардың дін туралы айтқан уағыздарын қызықпай, еліміздің имам-теологтарын тыңдап, дін мәселесінде соларға жүгінгеніміз дұрыс екен.

Жастарға насихатым:

Шариғатты айтты деп, білмейтін, танымайтын адамдарға еліктеудің салдары фанатизмге соқтырады екен. Өз елімізде діни кітаптар, ғалымдар, дұрыс дерек көздер қолжетімді. Алыстан іздемей қолда бардың қадіріне жетейік. «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» демекші дұрыс ақпараттарға жүгінбей қасірет шегіп қалмайық.

Құрметті ағайын-бауырлар, «Ата-ана разылығы Алла разылығы» демекші тірі кезінде ата-анамыздың қадіріне жетіп, қасында болып, солардың ризашылығына бөлене берейік.