АСТАНАДА ХІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

0
208

Елорда төріндегі «Ырыскелді қажы» мешітінде Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты ХІІ республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

«10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша сынға түскен қарилар өз қабілет-өнерлерін әр сөзін қалт жібермей қадағалап отырған қазылар алқасымен қатар, мешітке жиылған жамағат алдында паш етті.

Республикалық Қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабайұлы бастаған қазылар алқасы қатысушылардың дайындығын қатаң тексеріп, жүзден жүйрігін анықтауға тырысты. Бірінен-бірі өткен үміткерлер арасынан жеңімпаз анықтау қазылар алқасында оңай соқпағандай. Сайыс соңында осылай лебізін білдірген Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысушылардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Жүлдегерлерге өз қолымен сыйлықтарын табыстап, ризашылығын жеткізді.

«Құранды мәнерлеп оқу» аталымы бойынша
1-орын – Абдурахманұлы Әбілқасым (100 000т)
2-орын – Ерікнбек Мұсабек (70 000т)
3-орын – Сманов Әбдімәлік (50 000т)

«10 пара» аталымы бойынша
1-орын – Тұржанов Нұрислам (100 000т)
2-орын – Жанатұлы Дінмұхамед (70 000т)
3-орын – Савранбекұлы Абдулбақи (50 000т)

«20 пара» аталымы бойынша
1-орын – Абдилазиз Абдулбақи (200 000т)
2-орын – Исмаилов Рахмотулла (100 000т)
3-орын – Мыңжасов Арыстан (50 000т)

«30 пара» аталымы бойынша
1-орын – Нұрмахамбет Сұлтан (300 000т)
2-орын – Рақымжан Ержанұлы (200 000т)
3-орын – Азимжон Азимжанугли (100 000т)

Айта кетейік, іріктеу сайысының жеңімпаздары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін ХІІ Республикалық Құран байқауында Астана қаласының намысын қорғайды.