БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
151

Қостанай өңіріне жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы мешітте қала және аудан имамдарымен кездесті.

Кездесуде имамдарға «Көркем уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» жөнінде насихат айтылды.

«Алланың дінін таратып, уағыз айту – Жаратқанның разылығына жетудің ең жақын жолы. Алла елшісі: «Кімде-кім тура жолға шақырса оған ерген адамдардың сауабы ешбір кемшіліксіз шақырушыға жазылады» дейді. Көркем уағыз айтудың басты шартының бірі ықылас, ниеттің дұрыс болса, сондай-ақ уағыз айтқанда мынадай қасиеттерді дамытып отырған дұрыс. Оның алғашқысы үнемі білім алу, ізденісте жүру, білгенге амал ету, сабырлы болу, дінге көркем мінезбен шақыру, қоғамның қажетін білу, талас-тартысқа бармау және ҚМДБ жанындағы Әдеп кеңесінің тәртібіне бағыну» деп атап өтті Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы насихат соңынан имамдарға риясыз ризашылығын жеткізіп, Алла жолында ықыласты болуға шақырды. Жиында имамдар Бас мүфтиге көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.