Ақмола: Мешітте бүлдіршіндер бір қуанды

0
158

Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешіті жыл сайынғы дәстүрмен «Мектепке жол-2023» жобасы аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

Оқу жылы жақындаған сайын көп отбасылар әбігерге түседі. Балаларын киіндіріп, оқу құралдарымен қамтамасыз ету әсте оңай емес. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қиын. Бас имам Қуаныш Сәбит көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету осындай игі шаралар аясында ғана емес, ұдайы назарда болатынын айтты.

Осылайша өңірдегі қайырымдылық акциясы барысында 514 бүлдіршінге мектепке қажетті оқу құралдары мен киімдері табыс етілді.