БАРШАҒА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

0
130

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Қадірлі отандастар!

Барша қауымды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бақыт пен береке тілеймін!

Әділдік пен теңдік – бәрімізге ортақ құндылық. Расында, әр азамат әділдік пен теңдікті өзінен, өз отбасынан бастауы керек. Сонда ғана қоғамда игілік салтанат құрады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында: «Уа, адамдар! Сендердің қандарың, жандарың, мал-мүліктерің Раббыларыңның құзырына барғанша, яғни қияметке дейін бір-біріңе қол сұғуға, осы күннің құрметіндей, осы айдың құрметіндей, харам (тыйым) етілді. Сендер Раббыларыңмен кездесесіңдер, Ол амалдарыңның есеп-қисабын сұрайды» деп өсиет еткен.

Бұл – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман баласына, өз үмбетіне айтқан соңғы насихаты. Ата заңымызда да адам және оның өмірі, ар-намысы бірінші кезекте тұрады.

Азаматтық қоғам қалыптастыру, ар-ождан құндылығын жоғары орынға қою – баршамызға ортақ іс. Алла Тағала игі істерімізге береке берсін. Жаратушы Жаббар Иеміз жұртымызға жар болып, жақсылығын жаудырғай! Әмин!