Бүкіл әлемді жоқтан бар қылып жаратқан Аллаға сансыз шүкірлер болсын.

Пайғамбарымыз Мухаммедке (Алланың оған сәлемі болсын) Алланың салауаты, сәлемі болсын. 

Абухурайдан (Алланың оған разы болсын) жеткен хадисте «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады»  (имам Тирмизи).

Хазреті Әлиден (Алла оған разы болсын) жеткен деректе Алла Елшісі (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын ) былай деген: «Садақа беруге асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды». (Кутуби ситта).

Жақсы көрген нәрсені садақа ету жөнінде қасиетті Құранда «Әли Имран сүресі, 92-аятта Алла былай деп бұйырады : «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла оны сөзсіз толық біледі».

Сондықтан адам баласы өзінің жақсы көрген мал дүниесін садақа етуі керек екен.

Садақа беру үшін арнайы уақыт пен сәт жоқ. Көңілден шыққан, беруге ниет еткен затты. Алла разылығы үшін күндіз де, түнде де, ашықта беруге болады.

Берілген садақаға он есе сауап бар. Шын ниетпен берілген садақаның пайдасы адамның өзіне еселеп қайтады. Бақара сүресі 261-аятта: «Алла жолында мал-мүлкін садақа еткендер жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді. Алла дархан, бәрін білуші десе бір аятта : «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» -деген (Әнғам сүресі 160-аят).

Бүкіл әлемді жаратушысі – Алла Тағала сансыз шүкірлер болсын. Пайғамбармыз Мухаммад (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) Әлейһиссаламға салауаттар болсын.

«Оң қолын бергенді сол қолын көрмесін»- деген Хадиске сәйкес берілген садақа мен жақсылықты жасырын жасау-ең абзал амал. Жасалатын жақсылық істің садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болу керек: 1.Мұқтаж жанға беру; 2.Алла разылығы үшін беру; 3. Адал табысынан болуы тиіс.

Әлемдегі барлық жаратылыс адамзаттың игілігіне берілгенімен, бүкіл жаратылыс және мал-дүние, мүлік барлығының иесі –Алла.

Сондықтан, шүкіршілік ретінде белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға болу керектігін. Алла Тағала «Зарият» сүресі, 19-аятында былай деп ескертеді: «Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысым жібермеген) жарлының да ақысы бар».

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласына әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі  «Уа раббым! Садақа бермегенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп ет», -десе екіншісі: «Уа Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін апат ет» -деп дұға етеді-дейді. (Имам Бухари).

Садақа Алланың ашуын басады.

Садақа беру жәй ғана сауапты амал емес, оның тағы бір ерекшелігі – Алланың ашуын басатын амал.

Аллаға қарыз беру.

Ия құрметті бауырлар, Аллаһ разылығы үшін берген әр бір садақа, әр бір жақсылық бұл дүниеде немесе ақыретте, жәннәтта қайтуына еш күмән жоқ. Абу Дахдах есімді сахаба (Алла оған Разы болсын) ішінде 600 түп құрма ағашы бар бауына Аллаға қарыз ретінде берген садақасы жөнінде Алла Елшісі (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) : «Жәннәтта  Абу Дахдах үшін әзірленген, бұтақтары  иілген қаншама үлкен құрма ағаштары бар» (Имам Тирмизи).

Құрметті ағайын бауырлар, Алладан адал ризық сұрап, қанағатшыл болуға және садақа беретін жомарт мұсылман болуды Алладан сұрайық, шын ықыласпен беріп жатқан Садақаларымызды, ізгі амалдарымызды, ізгі амалдарымызды Алла қабыл етсін.

Шымкент қаласы Абай ауданы Әділ Омар мешіті имамы Абенов Данияр

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *