Қарағанды: Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

0
165

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған облысқа қарасты имамдар мен ұстаздар қатысты. 

Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – облыс аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен ұстаздарына деструктивті діни ағымдардың алдын алуға, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту болды.

Семинарды Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, баяндама жасады. Одан кейін, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Мирас Ерланұлы «Ақида негіздері» және «Намаз үкімдері» тақырыптары бойынша баяндама оқыды. 

Кезекті сөз кезегін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ақниет Сәлімбайұлы алып, «Деструктивті бағыт-дін емес» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары – мешіттердің құжаттарын  рәсімдеу,  аудан көлеміндегі діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл аясында атқарылған жұмыстары туралы, мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және исмал құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.