БАС МҮФТИ МАРОККО ЕЛШІЛІГІНЕ АРНАЙЫ БАРЫП, КӨҢІЛ АЙТТЫ

0
144

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігінің еліміздегі елшілігіне арнайы барып, көңіл айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Рашид Маанинумен кездесіп, Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Осыдан кейін ҚМДБ Төрағасы көңіл білдіру кітабына: «Ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын. Алла Тағала зілзаладан зардап шеккендерге жар болып, қайтыс болғандарды мейіріміне алғай» деп жазды.