Жетісу: Өңірлік «Әкелер» форумы өтті

0
124

Талдықорған қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, ҚМДБ Жетісу облыстық «Иман» мешітінің және «Еркін» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Әкелер форумы 2023» қалалық жиыны өтті.

Шараның мақсаты – қоғамдағы әкелердің рухани орнын насихаттау. Жиынға өңірдің белсенділері, БАҚ өкілдері, қаланың дін және өзге де сала қызметкерлері қатысты.

Форум аясында облыстық «Иман» мешітінің имамы Талғат Стамшалов дін саласында «үздік қызметкер, үлгілі әке» номинациясымен және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.