“Қайырымды жандар – елдіктің тұғырлы бейнесі” атты қайырымдылық іс-шарасы өтті

0
203

ҚМДБ Шымкент қаласы, Тұран ауданы “Д.А.Қонаев” мешіті ұжымы ұйымдастыруымен “Қайырымды жандар – елдіктің тұғырлы бейнесі” атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға кәсіпкер азаматтар тартылып 30 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды. Бір сепетте 10 кг ет, 5 кг күріш, 10 банан, 1 кг қант, тәтті-тәпсек, 1 лт май, 1 кг печения, 10 кг кеспе, 30 кг картоп салынған. Іс-шараға қатысқан кәсіпкер азаматтарға ҚМДБ атынан үлкен алғысымызды білдірдік.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі