ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДАҒЫСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

0
130

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Дағыстан Республикасы Мүфтиятының Орталық Азия бойынша ресми өкілі Гаджимурат Исмаилов бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде екі жақты рухани байланысты арттырудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар діни салада тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман жамағаты арасындағы рухани бірлікті арттырудың маңызын айрықша атап өтті. Кездесу соңында тараптар ортақ игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.